Жаңалықтар

Сот мәжбүрлі емге жіберген азамат ауруханадан қашып кетті

Ғаламтор

Бұған дейін ол қоғамға қауіпті мінез-құлқы үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылған.

Алматы облысында ер адам медицина мекемесінен қашып кетті. Сот оны мәжбүрлі түрде емделуге жіберген, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қоғамға қауіпті мінез-құлқы үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, мәжбүрлі емге жіберілген азамат К-ны полиция ұстады. Ол құжаттарының жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін,  оларды қайта жасату керектігін сылтауратып, ауруханадан қашып кеткен», - деді Алматы облысының Полиция департаменті.

Полиция оны 21 қазанда ұстап, емін жалғастыру үшін қайтадан ауруханаға жеткізді.