T-LIFE

3 минуттан артық құшақтаспау керек: Жаңа Зеландия әуежайы жаңа ереже енгізді

сурет: edition.cnn.com / Courtesy Dunedin Airport

Жаңа Зеландиядағы әуежайдың бірі ұзақ қоштасуларға шектеу қойылды: құшақтасу уақыты үш минуттан аспауға тиіс.

Басшылықтың айтуынша, ұзаққа созылған қоштасулардан әуежайға көп адам жиналып қалады. Ал «махаббат гормонын» бөлу үшін 20 секунд жеткілікті саналады. Одан ұзақ уақыт құшақтасуды қалайтындарға әуежайдың автотұрағын пайдалануға кеңес берілді.

Әуежайдағы бұл шектеу сынға ұшырады, себебі көптеген адамға Жаңа Зеландияға жету оңай емес. Еуропадан ұшып келу бір тәуліктей уақыт пен мыңдаған долларды қажет етеді. Жолаушылардың сирек кездесетін сәттерінде шынайы қоштасуға кедергі жасау адамгершілікке жат әрекет деп санайтындар көп.