Жаңалықтар

Дәрігерлер 4,7 млн қыз-келіншекті тексермек

Ғаламтор

Денсаулық сақтау министрлігі арнайы бағдарлама әзірледі.

Учаскелік дәрігерлер бала туу жасындағы қыз-келіншектерді тексермек, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл олардың денсаулық индексін анықтау үшін қажет. Жүктілікті жоспарлап жүрген келіншектер, жас қыздар мен жасөспірімдер ерекше бақылауда болады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау және бала туатын жастағы әйелдердің денсаулығын нығайту үшін «Аналар саулығы» бағдарламасы әзірленген.

Қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету үшін сауықтыру шаралары жүктілікке дейін жүргізіледі.

Ведомство қыз-келіншектерді жүктілікті жоспарлар алдында емханаға барып, тексерістен өтуге шақырады.

Күні бүгін Қазақстанда 10 млн астам әйел бар. Оның 4,7 миллионы бала туатын жаста.