Жаңалықтар

Ақтөбеде балабақшалардан 240 млн теңге ұрланған

istockphoto.com

Ақтөбе облысының Хромтау және Мұғалжар аудандарындағы балабақшалардан 240 млн теңге ұрланған.

Қызметкерлер мен басшыларға берілетін сыйлықақылар асыра көрсетілген. Еңбекақы да белгіленген нормадан көп төленген. Жалған іс-сапарлар рәсімделген.

Бухгалтерлердің бірі кейбір қызметкерлерге екі есе демалыс ақшасы мен іс-сапар ақшасын аударған.

Бұл қаражатиың бәрі ешқандай негізсіз бухгалтердің немесе балабақша меңгерушісінің есепшотына аударылған.

Аталған фактілер бойынша қазір Антикор тергеу жүргізіп жатыр.