Маңғыстау облысында 15 жастағы қыз жоғалып кетті
Еріктілер полицейлермен бірге із-түссіз жоғалған қызды іздестіріп жатыр.
Ақтауда 15 жастағы Нұрсая Құралбаева іздестіріліп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Еріктілердің айтуынша, 15 жастағы Нұрсая Құралбаева Мұнайлы ауданындағы Бірлік көшесіндегі жеке үйде тұрады. 15 қазан сағат 08:00 шамасында ол Ақтау қаласындағы политехникалық колледжге кетіп, содан оралмаған. Қазіргі уақытта оның қайда екені белгісіз.
Еріктілер полицейлермен бірге із-түссіз жоғалған қызды іздестіріп жатыр.
Ол орта денелі, шашы ашық-қара ұзын, бойы шамамен 165-170 сантиметр. Үстінде қара күртеше, қара шалбар, ақ жолағы бар қара кроссовка болған.
Бойжеткенге қатысты ақпарат болса, +7 (700) 911-72-92 немесе 102 телефондары арқылы хабарласуы сұралады.