Жаһан

Қытайда ит пен мысықтар жұмысқа шығып, ақша тауып жүр

istockphoto.com

Жануарлардың иелері үшін бұл әдіс ақша үнемдеудің жақсы нұсқасы болып отыр

Қытайлықтар үй жануарларын жұмысқа жіберіп табыс табуды үйренуде.

Stan.kz сайтының мәліметінше, бұл елде қазір ит пен мысықтар өз тағамдарына өздері ақша табады. Олар арнайы "котокафе" мен "пескокафеге" жіберілетіні белгілі болды. Келушілер кафедегі жануарларды ұстап сүйсіне алады. 

Жануарлардың иелері үшін бұл әдіс ақша үнемдеудің жақсы нұсқасы болып отыр. Өйткені үйде жалғыз қалған жануарларға қатты ыстық болғандықтан, жазда желдеткіш қосуға тура келеді. Тиісінше, электр энергиясына төлемдер де өседі.

Қытайдағы мұндай кафелердің тенденциясы “Zhuan lingshi qian” деп аталады. Бұл "тіскебасар үшін ақша табу" дегенді білдіреді. Жануарлар жұмысқа толық немесе толық емес күнге шыға алады. Содан кейін түнде иелері сияқты үйлеріне оралады.