Зарина Дияс Түркиядағы турнирдің жеңімпазы атанды

20 қазан, 2024 / Дана Ізтілеуова
instagram.com/zarinadiyas
Екі жылдық үзілістен кейін кортқа оралған отандасымыз биылғы алғашқы титулына қол жеткізді

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Кайсери ITF W50 турнирінің чемпионы болды.

Отандасымыз финалда әлемнің 224-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, Беларусь өкілі Алена Фалеймен ойын өткізіп, жеңіске жетті.

Осылайша, екі жылдық үзілістен кейін кортқа оралған З.Дияс биылғы алғашқы титулына қол жеткізді.

Тэгтер:

Турнир Түркия