Асу Алмабаев UFC-де төрт мәрте жеңіске жетті
Ол UFC рейтінгінде ең жеңіл салмақ бойынша 7-ші орында тұрған бразилиялық Матеус Николаумен жекпе-жек өткізді
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (20-2) Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 245 турнирінде өнер көрсетті.
Отандасымыз UFC рейтінгінде ең жеңіл салмақ бойынша 7-ші орында тұрған бразилиялық Матеус Николаумен (19-4-1) жекпе-жек өткізді.
Кездесу үш раундтқа есептелген болатын. Төрешілердің бірауыздан шешімімен Асу жеңімпаз деп танылды.