Жаңалықтар

Тұман, қатты жел, үсік: 20 қазанға арналған ауа райы болжамы

istockphoto.com

Ертең ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 20 қазанда еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жариялады.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, сондай Атырау қаласында тұман болады деп күтіледі.

Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ облыс орталығы - Оралда да тұман болады деп күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман болады деп күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі, облыстың орталығы - Талдықорғанда сынап бағаны түнде 1-3 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түседі деп күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады деп болжанады. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі.

Ақтөбе облысының орталығында, шығысында шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.