Қызылордалық оқушы қатарласын өлтіргені үшін 6 жылға сотталды
Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындады
Қызылордада мектеп оқушысы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда қатарласын өлтіріп алғаны үшін 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
Іс Қызылорда облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған сотында қаралды.
Оқиға 2024 жылдың ақпан айында Белкөл ауылында болған. Төрт мектеп оқушысының арасында жанжал туындап, біреуі екіншісін жұдырықпен ұрып, салдарынан зардап шегуші жүрегі тоқтап көз жұмған.
Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындады.