Биыл астаналық ТЖД мамандары қанша адамның өмірін құтқарды?
Биыл құтқарушыларға жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен 50 пәтердің кілті табысталды
Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың кәсіби әрекеттерінің, жеделдігінің арқасында 200-ден астам адам құтқарылды, түрлі ТЖ аймақтарынан 290-ға жуық адам эвакуацияланып, 60-қа жуық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.
Бүгінде Астана қаласы ТЖД қарамағында 2000 мыңға жуық маман қызмет атқарады. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және төтенше жағдайларды жоюға 15 жауынгерлік өрт сөндіру бөлімшесі жұмыс істейді. Елордалық ТЖД гарнизонында 202 техника қарастырылған. Оның ішінде негізгі бағыттағы және арнайы өрт сөндіру автокөліктері мен қосалқы автокөліктер бар. Астана қаласы ТЖД материалдық техникалық жабдықпен 100 пайыз қамтылған.
«Әр төтенше жағдай өздігімен қиынға соғады. Біреуінде ыстық температура болса, енді біреуінде құлау, жану қаупі бар. Өрттен бөлек біз авариялық құтқару жұмыстарына қатысамыз», - деді Астана қаласы №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Назымхан Тұрсын.
Биыл құтқарушыларға жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен 50 пәтердің кілті табысталды. Баспаналы болғандардың қатарында өрт сөндірушілер, бөлімше командирлері, диспетчерлер бар.