Бір адам жансақтау бөлімінде: Шахтада болған апатты арнайы комиссия тексереді
Оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр
Қарағанды облысында 14 қазанда «Qarmet» АҚ қарасты «Саранская» шахтасында болған апат салдарын тексеру үшін Мемлекеттік еңбек инспекциясы комиссия құрды.
Апат салдарынан тау-кен тазарту жұмысшысы Д.Сембеков (1988 ж), кен шебері А. Григорьевич (1989 ж) түрлі дене жарақаттарын алған, ауруханадан шықты. Ал тау-кен механизаторы А.Рудий (1983 ж) жансақтау бөлімінде жатыр.
Оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.