Қоғам

Белгісіз адам Дана Нұржігіт пен ұлына қоқан-лоққы көрсеткен

сурет ашық дереккөзден алынды

Журналист халықтан көмек сұрады.

Танымал журналист Дана Нұржігіт жақында Динара Сәтжанға берген сұхбатынан кейін әлдекімдер ұлына қоқын-лоққы көрсеткен пікір қалдырғанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Журналисттің айтуынша, жақында жарияланғанның сұхбаттың астына аты-жөні белгісіз адам «жалғыз ұлыңның өлімін көресің» деп пікір қалдырған. Дана Нұржігіт бұл жағдай үшін қатты алаңдаулы әрі көмек сұрайтынын жеткізді.

«Қымбатты отандастар! Динара Сәтжанға берген сұхбаттан кейін жаңа ғана сол видеоның астына мынандай комментарий қалдырып кетіпті біреу. Менің ұлым мен маған қоқан-лоққы көрсетіпті. Мен жалғыз басты анамын. Балам кәмелет жасқа толмаған. Білесіздер. Бәрін көріп біліп отырыңыздар! Кибер-сталкинг деген осы,міне! Мен көмек сұраймын!», - деп жазды Дана Нұржігіт.