Қоғам

Спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосынов марқұм Бекзат Саттархановтың анасымен кездесті

сурет ашық дереккөзден алынды

Министр Олимпиада чемпионының отбасымен жүздесті.

Журналист Азамат Әбілқайыр тарихта аты қалған Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың отбасымен Спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосынов кездесу ұйымдастырғанын жазды, деп хабарлады turkystan.kz.

Азамат Әбілқайыр кездесу туралы жазба қалдырды. Кездесу барысында министр Ербол Мырзабосынов ведомствоның бірқатар жұмысына тоқталған. Мәселен төмен нәтиже беретін кейбір федерациялар және легионерлер жөнінде айтылған. Сондай-ақ чемпионның анасы Сырлыкүл апа да министрге аналық ақыл-кеңесін айтқан.

«Ербол мырза ресмиленбей, қаздимай өте жайдарлы қарсы алды. Ілтипат көрсетіп, анамыздың әр сөзін түртіп алып отырды. Қалай дегенмен де Сырлыкүл апа чемпион тәрбиелеп өсірген анаға ғой. Жас спортшыларға қажет өте құнды ақыл-кеңесін айтты. Министр міндетті түрде ескерілетініне уәде берді. Кездесуде Ербол Қуантайұлы ведомствоның бірқатар жұмысына тоқталды. Мәселен, кенжелеп қалған спорт ғылымын қолға алғанын, миллиондап қаржы алса да нәтижесі өте төмен кейбір федерацияларда реформа басталғанын, легионерлерге бюджет есебінен қаржы берілмейтіні, олимпиадалық спорт түрлеріне ғана көңіл бөлініп жатқанын айтты», - деп жазды журналист.

 

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от АЗАМАТ ӘБІЛҚАЙЫР (@azamatabilqaiyr)