Қоғам

«Көп дүние есіңе түседі»: Қарақат Әбілдина күйеуіне ризашылығын ерекше білдірді

сурет ашық дереккөзден алынды

Қарақат Әбілдинаның күйеуі Қыдырәлі Болманов пойызда сүйіктісіне ән арнады.

Танымал әнші Қарақат Әбілдинаға Қыдырәлі Болманов пойызда ән салып берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Әлеуметтік желіге өнердегі қос ғашық пойызда сапарлап бара жатқан видеосын жүктеді. Пойыздағы ауқаттану кезінде Қыдырәлі Болманов ғашығына ән арнап, бейнеге жазып отырған.

«Ех… Небір ойлар жетектеп, көп дүние есіңе түседі.Тәбетің ашылып,тамағы да ерекше дәмді бола ма, қалай Осындайда жол серігіңнің өмірлік болғаны қандай жақсы еді?! Әнін арнап,әңгімесін айтып, бір қолымен түсіріп те үлгеріп отыр.  Жер басып жүрсем қорғаның болам, Суықтан қорғар орманың болам , - деп «Қарындасыма» әнінде өзі айтқанындай әйелін ғана емес, апасын, қарындасын, қыздарын қызғыштай қорғап әркез қасымыздан табыла білген, азаматыма Алла разы болсын!», - деп жазды Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)