Павлодарда жанармай құю бекетінен өрт шықты

18 қазан, 2024 / Інжу Әлихан
ТЖД
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Павлодарда жанармай құю бекетінің аумағында өрт шықты, деп хабарлады turkystan.kz.  

Павлодар қаласының шығыс өнеркәсіптік аймағында жанармай құю стансасының аумағында сыйымдылығы 3 текше метр жерасты газгольдері жанып, кейіннен өрт автожуу ғимаратына ауысқан. Өрт 41,5 шаршы метр алаңда сөндірілді, – делінген ақпаратта.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Тэгтер:

Павлодар Жанармай бекеті