Жаңалықтар

Астанада көп қабатты үйдің алдынан 22 жастағы бойжеткеннің денесі табылды

istockphoto.com

Марқұм 24 қабатты тұрғын үйден секіріп кеткен болуы мүмкін.

Бүгін сағат 13:23 шамасында Астана қаласының Алматы ауданының Полиция басқармасына подъезд жанында бойжеткеннің мәйіті жатқаны туралы хабар түскен, деп жазады turkystan.kz.

«Полиция оқиға орнына келгенде 22 жастағы марқұмның кім екенін анықтады. Бойжеткен 24 қабаттан секіріп кеткен болуы мүмкін. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген полиция хабарламасында.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.