Жаңалықтар

Түркістан тұрғыны көшеде тұрған «Жигулиді» Алматыға теуіп кеткен

Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі

Ер адам күндіз көшеде тұрған «ВАЗ-2107» маркалы автокөлікті көрген.

Көлік Алматыдан табылды. Түркістан полициясы Алматының 60 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Күдікті Алматуға жету үшін біреудің автокөлігін теуіп кеткен. Күндізгі 14:30 шамасында ол «ВАЗ-2107» маркалы автокөлігін көрген. Ұсталып қалмас үшін ол көліктің мемлекеттік нөмірін шешіп, өз көлігінің мемлекеттік нөмірін таққан. Содан кейін есігін ашып алып, теуіп кеткен», - деді полиция.

Тәртіп сақшылары көлікті Алматыдан тауып, заңды иесіне қайтарды. Қазір күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.