Жаңалықтар

16 жастағы Шерзат Болаттың қазасы: Тағы бір күдікті ұсталды

instagram

Бұған дейін 10 күдікті ұсталғанын хабарланған болатын.

Алматы облыстық полиция департаменті 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысы бар деген күдікпен тағы бір адамды ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.  

«17 қазанда кәмелетке толмаған Ш.Полатты өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында тағы бір күдікті – К. есімді азамат ұсталды.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізу жалғасуда. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің бақылауында», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін  10 күдікті ұсталғанын хабарланған болатын.