Белгілі геолог Әділ Нұрманов дүниеден өтті
Әділ Нұрманов Қаражанбас кен орнының ашылуына себепкер болған
"Қаражанбасмұнай" АҚ басшылығы мен еңбек ұжымы оның отбасына, жақын-жуық, туыстарына қайғырып, көңіл айтады, - делінген компания хабарламасында.
Әділ Нұрманов 1934 жылы 5 қарашада Маңғыстау облысы, Таушық ауылында дүниеге келген. 1957 жылы Алматыдағы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін геология саласы бойынша аяқтаған алғашқы түлектердің бірі. Оқуын тәмамдаған соң жолдамамен туған жеріне оралып, "Маңғыстаумұнайгазбарлау" тресі құрылғанда, өңірдегі барлау жұмыстарына қатысып, кейін көптеген барлау экспедицияларына жетекшілік етті. Осы арқылы өлкедегі бірқатар кен орындарының ашылуына себепкер болды. 1974 жылы Әділ Молдашұлының Қаражанбас кен орнын ашу үшін сіңірген зор еңбегі тарих парағында алтын әріппен жазылды. Сондықтан ҚБМ қызметкерлері оның игі істерін әрдайым құрмет тұтады.