Демалыс күндері қар жауады
Синоптиктер 19-21 қазан күндеріне арналған ауа-райы болжамын ұсынды.
Атмосфералық өзгерістерге байланысты алдағы үш күнде ауа-райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жаңбыр мен қар жауады. Тек республиканың шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.
«Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстік өңірлерде көктайғақ болып, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнайды. Елдің батыс, солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы күндіз 5-13 градусқа дейін, шығыс пен орталықта 8-18 градусқа дейін төмендейді», - делінген хабарламада.