Жаңалықтар

Qarmet шахтасында үш кенші жарақат алды

t.me/aqorda_resmi

Денсаулық сақтау басқармасы кеншілердің жағдайы туралы мәлімет берді.

Қарағанды облысындағы Qarmet компаниясына тиесілі «Саран» шахтасында тау-кен массасы құлап, 3 кенші зардап шекті.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы кеншілердің жағдайы туралы мәлімет берді.

Екеуі амбулаториялық ем қабылдап жатыр, біреуі ауруханада, жағдайы ауыр, барлық қажетті медициналық ем-дом көрсетіліп жатыр, - деп жауап берді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнұр Әбдиева.