Айдос Рысбаев Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Айдос Рысбаев Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Айдос Какашаұлы Рысбаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.