«Қатты қорықтым»: Айжұлдыз Адайбекова сауда орталығында баласын жоғалтып алған
Желі жұлдызы осыдан кейін оқырмандарына баламен жүргенде өзін барынша мазаламауын өтініп, ескерту жасады.
Желі жұлдызы осыдан кейін оқырмандарына баламен жүргенде өзін барынша мазаламауын өтініп, ескерту жасады.
«Құрметті оқырмандарым, сіздерге үлкен өтініш айтқым келеді. Мен баламен жүргенде назарымды басқа нәрсеге бұрмауға тырысыңыздаршы. Бүгін сауда орталығында маған жарнама ұсынғандарға көңіл бөлемін деп ұялымды жоғалтып алдым. Үлкен стреске тап болдым. Егер мен «жоқ» деп айтсам, «жоқ» деген сөз, соны түсініңіздерші.
Баламды таппай қалғанда қатты қорықтым. Мүмкін оны біреу ұрлап кеткен шығар, әлде бір жерде құлап қалды ма деп уайымдадым. Бұл ешқандай да агрессия емес. Мен де адаммын. Мұндай жерлерге келгенде жай ғана демалғым келеді. Менің бұлай стреске түскім келмейді. Сол үшін алдын ала бәріңізге рақмет!», - деп жазды Жанар Айжанованың қызы Instagram-дағы парақшасында.