Жаңалықтар

Семейдің орталық көшесінен әйел адамның мәйіті табылды

видеодан скриншот

61 жастағы әйелдің денесін 17 қазан күні жүргіншілер тауып алған.

Ақпаратты Абай облысының Полиция департаменті растады.

«17 қазанда 61 жастағы әйел қайтыс болды. Көзге көрініп тұрған дене жарақаты жоқ. Тексеріс барысында әйелдің денсаулық жағдайы бойынша есепте тұрғаны анықталды. Өлім себебін сараптама анықтайды», - деді.