Жаңалықтар

Жамбыл облысында 332 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Жамбыл облысында жол апаты жиілеп кеткендіктен полицейлер аймақтың тас жолдарына тексеріс жүргізіп, 12 мыңнан астам ақау тапты.

Жыл басынан бері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс автожолдарына 2633 тексеру жүргізіліп, 16,5 мың шақырымға жуық жол құзырлылардың қадағалауынан өткен. Нәтижесінде құрылысқа жауапты мекеме басшыларына кеткен кемшілікті түзету үшін нұсқама берілген. Бірақ оны елемеген 332 лауазымды азамат жауапкершілікке тартылды. Арасында айыппұл арқалағандары да бар.

Жол-техникалық инспекция қызметкерлері берген нұсқамаларды орындамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабы 3-бөлігі бойынша Тараз қаласы әкімдігінің, Т. Рысқұлов және Меркі аудандарының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімдерінің лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.