Спорт

Керлингтен Қазақстан құрамасы тарихи нәтиже тіркеді

Сурет: ҚТФ

Шотландияның Абердин қаласында өтіп жатқан кёрлингтен аралас командалар арасындағы әлем чемпионаты бел ортасына жетті.

Біздің Ұлттық құрама Е тобындағы 6-турда Украина ойыншыларынан басым түсті, деп хабарлады turkystan.kz.

Тартысты матчтың есебі 8-7. Ал қатар өткен кездесуде негізгі қарсылас Швейцария жеңіліп қалды. Осылайша, Қазақстан тарихта алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Осыған дейінгі Қазақстанның көрсеткіші:

2018 жылы 34-орын (35 команда)

2019 жылы 21-орын (40 команда)

2020-2021 жылы әлем чемпионаты өткен жоқ.

Ертең Абылайхан Жүзбай, Тылсымай Аллиярова, Айдос Аллияр мен Мерей Тастемір соңғы турда Бельгиямен ойнайды. Ал 18 қазанда 1/8 айналым мен ширек финал. Жартылай финал мен финал 19 қазанда.