Қоғам

Қарағанды облысында қасқырлар малды қырып жатыр

сурет ашық дереккөзден алынды

Аудан әкімдігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына хат жолдаған.

Қарағанды облысында қасқырлардың малға шабуыл жасау жағдайлары жиілеп кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Аудандық әкімдік қасқырлардың шабуылы жиіленіп кеткенін растады. Соған байланысты әкімдік Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына хат жолдаған.

«Бұл хаттар Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне жіберілуі үшін e-license.kz порталына жүктелді. Портал бойынша Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданында алты қасқыр жүргені тіркелген», – деп хабарлады инспекция.