T-LIFE

Артық жұмыс істегені үшін: швейцариялық аспаз бұрынғы бастығынан 15 жылдан соң 145 мың доллар өндіріп алған

сурет: istockphoto.com

Швейцариялық аспаз 15 жыл өткен соң бұрынғы жұмыс берушісінен 145 000 доллар өндіріп алған. 

Швейцарияда аспаз жұмыстан шыққаннан кейін 15 жыл өткен соң бұрынғы басшысынан артық жұмыс істегені мен пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін 145 мың доллар көлемінде өтемақы өндіріп алды.  

Аспаз жарты жұмыс күнінде кебаб дайындауы керек болған, бірақ іс жүзінде жұмыс күндері кешке дейін созылып, демалысқа шығуға мүмкіндік берілмеген.

Бірнеше жыл өткен соң ол басшысын сотқа берді. Ұзақ сот талқылауларынан кейін сот жұмыс берушіні өтемақы төлеуге міндеттеді.