Жаңалықтар

Астанада алаяқтар «Дубай шоколадын» сатқан

Ғаламтор

Елорда полицейлері желіде қымбат «Дубай шоколадын» жарнамалап, елді алдаған алаяқтарды ұстады.

Олар Instagram әлеуметтік желісіне «Дубай шоколадын» нарықтағы бағасынан арзанға сататыны жөнінде хабарландыру берген, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Жергілікті тұрғын алаяқтарға хабарласып, шоколадты сатып алу үшін 15 мың теңге аударған. Қылмыскерлер карталарына ақша түскен соң, клиентті блоктап тастаған. Алданғанын түсінген азамат полицияға жүгінген», - деді Астана ПД баспасөз қызметі.

Байқоңыр ауданының Криминалды полиция қызметкерлері алаяқтықпен айналысқан жас жігіттерді ұстады. Олар өз кінәсін мойындады. Аляқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.