Жаңалықтар

Алматыда бір апта бұрын жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды

istockphoto.com

Алматы облысының 26 жастағы тұрғыны бір апта бұрын жоғалып кеткен.

Кеше оның мәйіті Шалқар ауылының маңайынан табылды. Мәйітте зорлық-зомбылық іздері бар, деп хабарлайды turkystan.kz.

Марқұм 10 қазан күні хабар-ошарсыз кеткен. Туысқандары бірнеше күн өткеннен кейін полицияға жүгінген. Полиция жігіттің денесін 16 қазан күні Қарасай ауданының Шалқар ауылының маңынан тапты.

«Адам өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру шараларының барысында 22 жастағы күдікті ұсталып, уақытқа ұстау изоляторына қамалды», - деді Алматы облысының Полиция департаменті.

Тергеу жүріп жатыр. Істі облыстық полиция басшылығы өз бақылауына алған.