Жаңалықтар

«Барыс» хоккей клубының бас директоры тағайындалды

hcbarys.kz

Бұған дейін 56 жастағы маман осы қызметті 2006-2012 және 2013-2015 жылдары атқарған болатын.

Нұрлан Оразбаев «Барыс» хоккей клубының бас директоры болды. Бұл туралы «Барыс» хоккей клубының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қорының шешімімен Нұрлан Оразбаев «Барыстың» бас директоры болып тағайындалды, – делінген хабарламада.

Бұған дейін 56 жастағы маман осы қызметті 2006-2012 және 2013-2015 жылдары атқарған болатын.

Еске сала кетейік, жақында «Барыс» Борис Иванищевтің бас директор қызметінен кеткенін ресми түрде хабарлаған еді.

Ал кеше Вячеслав Буцаевтің командасы Уфаның «Салават Юлаевына» (2:3) есе жіберді. 19 қазанда «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда Ярославльдің «Локомотивімен» кездеседі.