Жаңалықтар

Жітіқарада өрт кезінде 5 баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді

Қостанай облысының әкімдігі

Сондай-ақ жерлеу рәсімі ұйымдастырылып, жергілікті бюджеттен 100 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек берілді

Қостанай облысында үйі өртеніп, бес баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді, деп хабарлады turkystan.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай облысы әкімдігінің мәліметінше, Жітіқарадағы жеке үйдегі өртте бес кішкентай баласынан айырылған отбасыға қажетті психологиялық, құқықтық және материалдық көмек көрсетілген.

«Жерлеу рәсімі ұйымдастырылып, жергілікті бюджеттен 100 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек берілді, білім беру бөлімінің қоры есебінен 100 АЕК көлемінде төлем беру жоспарлануда. Қаладағы екі ірі кәсіпорының бастамасымен отбасыға екі бөлмелі пәтер сатып алынды», – делінген әкімдік хабарламасында.