Жаңалықтар

Бокстан әлем чемпионатына қатысатын жастар құрамасы анықталды

Olympic.kz

Әлем чемпионаты 23 қазан мен 3 қараша аралығы өтеді.

Бокстан Қазақстан командасының бапкерлік құрамы Будвадағы (Черногория) жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасының тізімін жария етті.

Әлем біріншілігінде келесі спортшылар ел намысын қорғайды:

- Диас Берікбай (48 келіге дейінгі салмақта) - Бексұлтан Боранбек (51 келіге дейінгі салмақта) - Бауыржан Мұратов (54 келіге дейінгі салмақта) - Жансері Көшербаев (57 келіге дейінгі салмақта) - Алексей Хаванцев (60 келіге дейінгі салмақта) - Ахмет Үсенов (63,5 келіге дейінгі салмақта) - Төрехан Сабырхан (67 келіге дейінгі салмақта) - Өнер Сейілхан (71 келіге дейінгі салмақта) - Санжарәлі Бегалиев ( 75 келіге дейінгі салмақта) - Мадияр Бексұлтанов (80 келіге дейінгі салмақта) - Бақытжан Айтмұханов (86 келіге дейінгі салмақта) - Расул Асанханов (92 келіге дейінгі салмақта) - Аслан Еділбайұлы (92 келіден жоғары салмақта)

Айта кетейік, Әлем чемпионаты 23 қазан мен 3 қараша аралығы өтеді.