Спорт

Тимофей Скатов Almaty Open бірінші айналымында ұтылып қалды

Сурет: ҚТФ

Қазақстандық теннисші, әлемнің 192-ракетасы Тимофей Скатов Almaty Open бірінші айналымында өнер көрсетті.

Алайда отандасымыз алғашқы айналымнан аса алмай қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Тимофей Скатов турнирдің 1/16 кезеңінде чехиялық теннисші, әлемнің 25-ракеткасы Томаш Махачпен кездесіп, 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Қазақстандық теннисші матч кезінде үш эйспен бірге үш брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды.

Ал оның қарсыласы Махач сегіз эйс жасап, төрт брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.

Енді Томаш Махач турнирдің екінші айналымында тағы бір қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаевпен шеберлік байқасады.