Қоғам

Әнші Асан Пердеш үшінші баласын перзентханадан шығарып алды (ВИДЕО)

Өнер иесінің жақында ұлы дүниеге келген.

Асан Пердеш әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалықпен бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.

«Аллаға шүкір, үшінші баламыздың атын Бақыт деп қойдық. Ұлымды перзентханадан шығарып алуға келген барша қонақтарға, достарға көп алғыс айтамын. Табан асты шығатын болған соң ештеңеге дайындалып үлгермедік. Көп достарыма айтып үлгермедім. Ренжімеңіздер! Бұның бәрі бір Алланың қалауы. Елдің батасы, ата-анамыздың дұғасы деп білемін... Сіздердің де отбасыларыңызға осындай абадан бұйырсын...», - деп жазды әнші.