«Қызыл кітапқа» енген сұңқарларды аулаған қызылордалық ұсталды

16 қазан, 2024 / Өтей Торғайұлы
Тұрғынның үйіне тінту жүргізу барысында сұңқар тектес 2 құс алынды.

«Қызыл кітапқа» енген сұңқарларды заңсыз аулады деген күдікпен Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ер адам Қызылорда облысы Полиция департаментінің және «Охотзоопром»ӨБ» РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиалы инспекторларымен прокуратураның үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шара барысында ұсталды. Ол «Қызыл кітапқа» енген сұңқарларды шетелге сату мақсатында заңсыз аулаған.

Тұрғынның үйіне тінту жүргізу барысында сұңқар тектес 2 құс алынды. Қазіргі таңда құстар Шымкент зоологиялық саябағына тапсырылды.

Тэгтер:

Қызылорда Қызыл кітап