Қоғам

«Денесі қаққа бөлінген»: Жетісу облысында жантүршігерлік апат болды

сурет ашық дереккөзден алынды

Әлеуметтік желілерде апат орнынан қатты зақымданған машиналар көрініп тұрған кадрлар пайда болды.

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында 48 жасар әйел қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Жетісу ДП баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Пушкин көшесінде орын алған.

Nissan Renessa автокөлігінің 44 жасар жүргізушісі басқаруды жоғалтып, жол жиегінде тұрған Mitsubishi Galant автокөлігімен соқтығысқан. Соққыдан бір автокөлік оқиға орнында қаза тапқан әйелді қағып кеткен.

Әлеуметтік желілерде апат орнынан қатты зақымданған машиналар көрініп тұрған кадрлар пайда болды.

«Текелі жантүршігерлік апат болды. Адамды қақ екіге бөліп жіберген», — делінген бейнеге жазуда.

Тәртіп бұзушының машинасы арнайы тұраққа жеткізілді. Полиция жүргізушіге бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешіліп жатқанын нақтылады.

 

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ. Кайрат Абдрахман (@taldykorganec.insta_)