Қоғам

«Кешірім сұрайды деп күтемін»: Баян Алагөзова екі рет соттасқан журналистке үндеу жасады

сурет ашық дереккөзден алынды

Баян Алагөзова журналист Дана Орманбаеваны сотта жеңген.

Танымал продюсер Баян Алагөзова жеке өміріне қатысты ақпаратты таратпауды сұрады, деп хабарлады turkystan.kz.

Баян Алагөзова әлеуметтік желіде екі рет соттасып жеңгенін айтты. Оның айтуынша, ешкім біреудің жеке шекарасына кіріп, оны балағаттауға құқығы жоқ. Біреудің абыройына нұқсан келтіретін ақпаратты таратқандарға жаза бар екенін ескертті.

 «Біреулер үшін әлеуметтік желі – ақпаратпен ойнау алаңы. Сондықтан бұндай жағдай қалыпты. Ал мен үшін соттасу, одан қалды адвокат жалдау уақытымды шығындайтын дүниелер. Біреу біреудің шекарасына кірмесе болғаны. Ал сотта жеңіліп қалған ханым кешірім сұрайды деп күтемін», - деді Баян Алагөзова Instagramдағы сторисінде.