T-LIFE

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен байланыстыратын жолдарды жарып жіберді

сурет: Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігі

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға қарсы агрессиясын білдіру мақсатында екі елді бұрын байланыстырған бірнеше пайдаланылмаған жол учаскелерін жарып жіберді. Бұл оқиға Пхеньян әуе кеңістігінде оңтүстіктің дрондары пайда болғаннан кейінгі шекаралық шиеленістің күшеюі аясында болды, деп хабарлайды euronews.com.

Кейінгі күндері екі ел бір-біріне қоқан-лоқы жасап, қауіптер алмасты. Пхеньян Оңтүстік Кореяның дрондарын өз астанасының үстінен ұшырды деп айыптап, жағдайды одан әрі ушықтырды.  

Ким Чен Ын үкіметі Кореяны бейбіт біріктіруден бас тартып, екі ел арасындағы қарым-қатынасты үзетінін мәлімдеді. Осы мақсатта шекара маңындағы Солтүстік Кореяның иелігінде болған ескі жолдарды бұзу операциясы алдын ала жоспарланған түрде жүзеге асырылды.  

Дегенмен, сарапшылар Пхеньянның Оңтүстік Кореяға толыққанды шабуыл жасауы екіталай екенін атап өтуде. Олар Сеул мен оның негізгі одақтасы – АҚШ-тың қарымта әрекеті Солтүстік Корея үшін тым ауыр салдарға әкелуі мүмкін деп болжайды.