T-LIFE

Бұрынғы шахматшы химия саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанды

сурет: champion.com.ua

Бұрынғы шахматшы химия саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанды

Google DeepMind компаниясының бас директоры Демис Хассабис 2024 жылы химия бойынша Нобель сыйлығын жеңіп алды.  

Ол Джон Джампермен бірге жасанды интеллектті пайдалана отырып, ғылымға белгілі барлық дерлік ақуыздардың үшөлшемді құрылымын болжауға қол жеткізді. Олардың AlphaFold2 атты моделі 200 миллионнан астам ақуыздың құрылымын анықтап, медицина, биотехнология және басқа салаларда жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.  

Айта кетейік, Демис Хассабис – танымал шахматшы. Ол шахматтағы мансабын ерте жастан бастап, зор жетістіктерге жеткен. Британдық шахматшы 13 жасында ФИДЕ шебері атағын алып, өз елінің ең талантты жас спортшыларының бірі ретінде танылды. Хассабис бірнеше халықаралық жарыстарға қатысып, әсерлі ойын көрсетті. Алайда, жасөспірім шағында ол шахматтан кетіп, ғылым мен технологияға ден қоюды ұйғарды.  

Шахматтағы тәжірибесі оған логика мен стратегияны дамытуға көмектесті, бұл да жасанды интеллект саласындағы табыстарына негіз болды.