Түркияда жер сілкінісі болды
Жерасты дүмпулері Шанлыурфа, Адыяман, Килис, Газиантеп және Кахраманмараш қаласынд сезілген.
Түркияның Малатья қаласында магнитудасы 6,1 жер сілкінісі болды. Бұл туралы еуропалық сейсмологтарға сілтеме жасаған РИА Новости хабарлады.
Түркия үкіметінің Төтенше жағдайлардың алдын алу және табиғи апаттарды басқару басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 10.46-да тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы Кале қаласында 10,7 км тереңдікте орналасқан.
Азаматтар үйлері мен кеңселерін тастап, жақын маңдағы саябақтар мен алаңдарға жиналды.
Жерасты дүмпулері Шанлыурфа, Адыяман, Килис, Газиантеп және Кахраманмараш қаласында да сезілді.