Маңғыстау облысында Өзбекстанның 6 азаматы қаза тапты
Көлікте барлығы 10 адам болды.
Ведомствоның ақпаратынша, 16 қазанда таңғы сағат 7:30-да Бейнеу-Тәжен тасжолында Jac көлігі жол көлік оқиғасына ұшыраған.
«Автокөлік жолдың шетінде шекарадан өту кезегін күтіп тұрған «Ман» жүк көлігімен соқтығысты», - деп түсіндірді ведомство өкілі.
Көлікте барлығы 10 адам болды.
«Оның ішінде 4 адам Бейнеу Орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Олар қажетті емді толық көлемде алады», - деп нақтылады өңірдің полиция департаментінің өкілі.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам қаза тапты. Жол-көлік оқиғасына қатысқан барлық көлік Өзбекстан Республикасында тіркелген.
«Жәбірленушілер мен қаза тапқандар Ресей Федерациясынан оралған Өзбекстан Республикасының азаматтары», - деп атап өтті Маңғыстау облысы полиция департаментінің өкілі.
Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға туралы Өзбекстанның Ақтау қаласындағы Бас консулдығына хабарланды.