Ақмола облысындағы балабақшалардың бірінде бүрге қаптады
Ата-аналардың сөзінше, бүрге 2-3 жасар балаларға арналған топтың ішінен анықталған.
Ақмола облысы Щучинск қаласындағы мемлекеттік балабақшада бүрге қаптады. Ата-аналар қансорғыш жәндік балаларды шағып инфекция таралып жатқанын айтып, наразылық білдірді.
Ата-аналардың сөзінше, бүрге 2-3 жасар балаларға арналған топтың ішінен анықталған. Алайда балбақша әкімшілігі әлі күнге дейін залалсыздандыру жұмыстарын жасамаған.
Ал білім басқармасының өкілдері 200-дей ұл-қыз тәрбиеленетін балабақшада тексеріс жұмыстарын жүргізіп, тиісті шара қолданатынын айтты.
«Осы оқиға бойынша арнайы мекеменің қызметкерлері балабақшаға дезинфекциялық жұмыстарды жүргізуге келді. Сондықтан балабақшаны үш күнге жаптық. Балалардың денсаулығына ешқандай зиян келген жоқ. Ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргіздік», – дейді Ақмола облыстық білім басқармасының бас маманы Андрей Майбах.