Жаңалықтар

Астанадағы жатақханалардың бірінен тағы да өрт шықты

ТЖМ

Бүгін түнде елордадағы жатақханалардың бірінен тағы да өрт шығып, 4 адам эвакуацияланды.

Ведомствоның мәліметінше, Сарыарқа ауданы Құтпанов көшесі бойындағы бес қабатты жатақхананың дәлізінде қоқыс өртенген.

«ТЖМ күштері баспалдақ арқылы 2 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ түнде Астананың Есіл ауданы Мереке көшесі бойындағы коттедждің шатыры өртенген. Зардап шеккендер жоқ.