Жаңалықтар

Павлодарда ер-азаматты амандаспағаны үшін өлтірген

istockphoto.com

Жігіттер арасындағы жанжал кісі өлімімен аяқталды.

Оқиға биыл көктемде болған. Павлодар облысының Ақсу қаласының Айнакөл ауылында, аулада бірнеше жігіт ішімдік ішіп отырған. Араларында жанжал туып, біреуі өзінің ағасына қоңырау шалып, өзін ренжіткен жігітті жауапқа тарту үшін шақырған. Оқиға орнына келген азамат інісін ренжіткен жігітке «амандаспадың» деп тиісіп, өлтірген.

«Жәбірленушіні мойнынан ұстап алып, тұншықтырып, ұрған. Өлгеніне көз жеткізген соң оқиға орнынан ізін суытқан», - делінген сот хабарламасында.

Марқұмның анасы минималды жаза тағайындауды сұраған.

Сот үкімімен күдікті 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.