Жаңалықтар

Қостанай облысында өрт болып, әйел адам қаза тапты

istockphoto.com

Пәтерде жиһаз өртенген.

Құтқарушылар үй иесін алып шыққанымен, дәрігерлер аман алып қала алмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 14 қазан күні Қашар ауылында болған. 9 қабатты үйдің екінші қабатында орналасқан пәтердің жиһазы өртенген. Өрт себебінен 1969 жылы туған әйел адам көз жұмған.

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті ақпаратты растады.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.