Жаңалықтар

Жетісу облысында есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

istockphoto.com

Қазір тергеу әрекеттері жүргізілуде

Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жетісу облысы ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, синтетикалық есірткі сақтауға қатысы бар 33 жастағы күдікті ер адамды ұстады. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында ерекше иісі бар, ақ түсті ұнтақ зат табылды.

Тұтқындау барысында күдікті құқық қорғау орган қызметкерлеріне жиналмалы пышақпен қарсылық көрсеткен. Алайда, "Арлан" арнайы жасағының кәсіби әрекеттері нәтижесінде ер адам ұсталып, жиналмалы пышақ заттай дәлел ретінде тәркіленді.

Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті азаматтың тұрғылықты жерін тінту барысында ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ зат табылған. Тәркіленген зат сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, синтетикалық есірткі тектес «мефедрон» екені анықталды. Жалпы салмағы шамамен алты грамм. Қазіргі уақытта, күдіктіге қамауға алу бұлтартпау шарасы тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.