Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 16 қазанда Петропавловск, Павлодар, Өскемен, Ақтөбе және түнде Атырау қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болуы мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.