Қоғам

«Әнші Тұрар Ыдырыстан айырылып қалдық»: желіде суық хабар тарады

фото: әлеуметтік желіден

Желіде жастар арасында аса танымал әнші Тұрар Ыдырыстың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Өнер иесі бұл жаңалықтарды бірден жоққа шығарып, оны жариялағандарға жауап берді.

Тұрар Ыдырыстың "қайтыс болғаны" туралы ақпарат Tik-Tok желісінде тарап кеткен. "Тұрар Ыдырыстан айырылып қалдық. Әнші Тұрар 27 жасында қайтыс болды. Иманды болсын, жаны жәннатта болсын", - делінген жазбада.

Өнер иесі бұл жазбаны көрген бойда оның астына пікір қалдырды.

"Мен 96 жылғымын ғой. Жалған ақпарат" , - деп әзілдеп жазды Тұрар.

Бұл жаңалықтан кейін әншінің тыңдармандары бірден оны сұрақ астына алды. Шоу-бизнес жұлдызы бүгінде үлкен гастрольдік турнеде жүргенін айтып, жалған жаңалықтарға уақыты жоқ екенін жеткізді.

"Оған уақытым болмай жатыр. 1 күннен кейін Өскеменде концерт", - деп қысқаша жазды ол Instagram-дағы парақшасында.